00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Астанада алимент төлемеген 10 борышкер сотталды

26.06.2024 | 13:08
Торғын Аман
213
Астанада алимент төлемеген 10 борышкер сотталды
фото: дереккөзден

Астанада өз баласына алимент төлеуден жалтарған 98 борышкер әкімшілік, ал 10-ы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Elorda.info қалалық прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.

Қадағалау органы «электрондық әмияндар» - электронды төлем құралдарында 300 млн теңгеден астам кірісін жасырған борышкерлерді анықтады.

Мысалы, 5 млн теңге қарызы бар борышкер екі баласына 5 жыл бойы алимент төлемеген. Ол әмиянын 6 млн теңгеге толықтырып, өз қажеттіліктері үшін жаратқан. Басқа жағдайда, 33 жастағы алимент төлемеген азамат 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартумен 1 жылға бас бостандығын шектелді.

«Жалпы жыл басынан прокурорлық ден қою шараларымен 250 баланың пайдасына 87 млн теңге өндірілді. Сот актілерін орындамағаны үшін 98 борышкер әкімшілік, 10 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Все новости