00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада «Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат» атты сайыс өтті

15.10.2023 | 07:30
119
Фото: дереккөз

Астанада А.Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейде «Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат» атты қалалық сайыс өтті, деп хабарлады Elorda.info

Байқау шарты бойынша сайыскерлер «Ұлтқа қызмет – әр қазақ баласына міндет» атты сахналық қойылым көрсетті. 

«Алаш арыстарына хат» деп аталатын 2-кезеңінде 1-бөлімдегі көтерілген жайттың маңызы мен бүгінгі замандағы көрінісі туралы монолог оқыды. Оқушылар Шәкәрім Құдайбердіұлына, Халел Досмұхамедұлына, Мағжан Жұмабайұлына, Сұлтанмахмұт Торайғырұлына арналған хаттарында тәуелсіз елдің бүгінгі ұрпағы ретінде болашаққа қатысты өз ұстанымы мен ұсынысын жеткізуге тырысты.

Бұл сайыста Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-гимназиясы топ жарып, бас жүлдені қанжығасына байлады. 

8808f239-1e79-479d-9bf3-b7c3b30899da.jpg

Қазылар алқасының төрағасы, ф.ғ.к. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қ.Кемеңгер оқушыларға алғысын жеткізіп, бұл шараның еліміздің маңызды мерекесі – Республика күні қарсаңында өтуінде де символикалық мән бар екенін айтып өтті.

Все новости