00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Астанада Абай оқулары өтеді

04.08.2023 | 02:30
136

«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ұйымдастыруымен №5 балалар кітапханасында «Құлақтан кіріп бойды алар» атты Абай оқулары өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Абай оқулары 10 тамыз күні өтеді. 

Іс-шараның мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген оқырманның ықыласын арттыру, Абай тұлғасының ақын, ойшыл ретіндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.

Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу барысында қара сөздерінен ғибрат алу, әндерін шырқау, «Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға» атты кітап көрмесіне шолу ұсынылады.

Кітапхана түні бағдарламасында: «Құлақтан кіріп бойды алар» атты Абай оқуларынан бөлек, «Абай Құнанбайұлының қуғын-сүргінге ұшыраған туыстары мен ұрпақтары» көрмесі мен дәріс өтеді.

Іс-шара бағдарламасы ауқымды, әрі қызықты да танымды түрде өтеді. Оған кітапханашалар, кітапхана оқырмандары, қонақтар, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мамандары қатысады.

Все новости