00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астана әкімдігі қаланың кәріз желісінің жұмысы туралы айтты

07.06.2024 | 15:45
Торғын Аман
133
Астана әкімдігі қаланың кәріз желісінің жұмысы туралы айтты
фото: www.gov.kz

Қазір елорданың нөсер кәріз жүйесі 18 тазарту құрылысынан және 1-ші жинақтаушы тоғаннан, 610,8 км нөсер, дренаж және арық-науа кәріз желісінің магистральдық коллекторларынан тұрады, олар аумағы 16,7 мың гектардан асатын жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз етеді, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жауын-шашынның мол жаууына байланысты бірқатар көшеде су жиналады. Қазіргі уақытта қала бойынша жаңбыр суын сору үшін 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Барлық коммуналдық қызмет жергілікті орындарда жұмыс істеп жатыр.

«Elorda eco system» ұйымы жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау және т.б. Сондай-ақ нөсерлі кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мәселен, 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде қалада нөсер, дренаж және науа-арық кәріз желісінің магистральдық коллекторларының 400 км-ден астам желісі, 9 сорғы станциясы және 4 тазарту құрылысы салынды және реконструкцияланды.

2023 жылы нөсерлі кәріз жүйелерін салу бойынша үш жобаны іске асыру аяқталды, оның шеңберінде 10 км-ден астам магистральдық және таратушы нөсерлі кәріз коллекторлары салынды.

Биыл нөсерлі кәріздің 5 жобасы бойынша жұмыс жалғасуда, оның 3-еуін аяқтау жоспарланып отыр. Осы жобалар аясында 5 км-ден астам коллектор салынып, жаңа теміржол вокзалы аумағында тазарту құрылысының жұмысы аяқталады. Сондай-ақ нөсер кәрізі желілері мен құрылыстарының 8 объектісін жобалау жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Астана қаласында 2035 жылға дейін нөсерлі кәріз жүйесін дамыту» техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде.

Все новости