00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Бірлік күні мерекесімен құттықтады

01.05.2023 | 11:57
98
Фото: gov.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордалықтар мен қала қонақтарын Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қазақстан халқының Бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн азаматтарымыздың ауызбіршілігінің, татулығының, Отанымыздың гүлденуіне бірлесе атсалысуының белгісі.

Біз көптеген этнос өкілдері тұратын еліміздің ерекшелігін, өзара сыйластығы мен татулығын мақтан тұтамыз. Атадан мирас болып келе жатқан дәстүрімізді сақтай отырып, мәдениетімізге және елдігіміздің нығаюына үлкен үлес қосамыз.

Жұдырықтай жұмыла отырып, кез келген қиындықты еңсеріп, елімізді гүлдендіре түсеміз.

Баршаңызға бейбітшілік, келісім және өркендеу тілеймін. Достығымыз бен өзара сыйластығымыз берік болып, әрбір күніміз қуаныш пен табысқа толы болсын!

Мереке құтты болсын! - деді елорда әкімі.

Все новости