Арбамен билеуден өткен халықаралық лицензиялық турнирдің жүлдегерлері елге оралды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/8990ce71_13d6_497c_88d3_4bb8a7fecb85_e911ea5266.jpg)
Бүгін елордалықтар Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдан арбамен билеуден өткен лицензиялық турнирдің жүлдегерлері астаналық Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленованы зор қуанышпен күтіп алды, деп хабарлады Elorda.info.
Оларды Астана қаласы әкімдігінің «Балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің» басшылығы, өкілдері жақындары мен достары әуежайдан күтіп алып, гүл шоқтарын тарту етті.
7-9 сәуірде Нидерландының Амстелвен қаласында Халықаралық паралимпиада комитетінің қолдауымен халықаралық лицензиялық жұп би турнирі өткен болатын. Бұл турнирге әлемнің 20-дан астам елі қатысты. ҚР жұп би федерациясының спортшыларынан тұратын Қазақстан Республикасының құрамасы турнирдің бірінші күні екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды.
Үш күнге созылған жарыста Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс, екі қола медаль жеңіп алды. Айта кетейік, астаналық спортшылар комби фристайл стилінен – 3 , комби латина стилі бойынша – 2, комби стандарт стилінен 4-орынды иеленді. Сондай-ақ, отандастарымыз Ермек Қалымбетов Single men FREESTYLE CLASS 2 санаты мен Ермек Қалымбетов – Күлшім Аталықов Combi FREESTYLE CLASS 2 санатында - 1-орынды иеленді. Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова Combi FREESTYLE CLASS 1 санатында – қола жүлде, комбо латина би стилінен күміс жүлде иегерлері атанды.
Кеуделері жеңіс медальдерімен көмкерілген спортшылардың қуанышында шек жоқ. Олардың айтуларынша, жарыста бәсеке өте күшті болған.
Бұл жарыста спортшылар өте көп болды. Бұрынғы жарыстарға қарағанда бәсеке аса жоғары деуге болады. Бидің арнайы үш түрінен дайындалдым. Сол бойынша жақсы нәтиже көрсеттік. Әрбір жарысқа спортшы жеңу үшін барады. Қарсыластарымыз мықты болды. Соған қарамастан осындай 3 медаль алып келдік. Бізді қолдап, жағдайымызды жасап жіберген Астана қаласы әкімдігінің «Балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебіне» және бізді жарысқа дайындаған жаттықтырушымыз Әлия Түсіпбековаға алғысымыз шексіз, - деп қуанышымен бөлісті Ардақ Отарбаев.
Айта кетейік, лицензиялық турнирден жүлделі орын алған спортшылар биыл Словакия елінде арбамен билеуден өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
![](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астанада дәмхана өртенді](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Елордада жаңа кітапхана ашылды](/img/articles/a025dd6342dbbf6e3b3043e0d53dae70.jpeg)
![Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады](/img/articles/2c6412729b387d59a5add8c8de960e6d.jpg)
![Елордада ұлттық костюмдер дефилесі өтті](/img/articles/148eeb79ee4ca96186b45886afc4aa1c.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/d1ebfdd234b60c94b00db1e335b3c095.jpeg)
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/img/articles/8527c108fb201c96bc1c3bf6e19ac1e7.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)