00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астана полициясында қоғамдық көмекшілерге куәліктер табысталды

01.04.2023 | 01:05
Елорда ақпарат
97

Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Дәурен Қазбеков полицияның қоғамдық көмекшілеріне куәліктер мен жетондар табыс етті, деп хабарлады Elorda.info

Құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда учаскелік инспекторлармен бірлесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысатын полицияның қоғамдық көмекшілері пәрменді көмек көрсетеді, - деп атап өтті ол. 

Бүгінгі таңда қоғамдық тәртіпті қорғауға қоғамдық құрылымдардың 1 344 өкілі қатысады, оның ішінде құқық қорғау органдарының ардагерлері, Қоғам кеңестерінің құрамында, консьерждер, күзет құрылымдарының қызметкерлері, жедел жастар жасақтарының мүшелері бар.  

Былтыр қоғамдық құрылымдар 3 057 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтауға қатысты, ІІО-ға 1 798 құқық бұзушы жеткізілді, жедел қызығушылық тудыратын 398-ден астам ақпарат берілді.  

Все новости