Астаналық көпбалалы 28 267 отбасы жәрдемақымен қамтылған
![](/img/articles/uploads/6423dbd98c150802680551_0db93b3b08.jpg)
Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Тоқтыбаев пен департамент басшысының әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Дамежан Садвокасова брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Белгілі болғандай, бүгінгі күні Қазақстанда балалы отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету республикалық бюджеттен төленетін бірнеше жәрдемақыдан тұрады:
- бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы.
- жұмыс істемейтін әйелдер үшін республикалық бюджет есебінен бала біржарым жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы.
Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартуды тапсырған. Осыған байланысты 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылы туған әйелдер бала күтіміне арналған жәрдемақыны 1,5 жыл бойы алатын болса, жәрдемақы алушы аналарға автоматты түрде жарты жылға ұзартылды. Астана бойынша жәрдемақы алушыға автоматты түрде ұзартылып, төленіп келеді.
2023 жылы бірінші балаға 5,76 АЕК – 19872 теңге, екінші балаға 6,81 АЕК – 23495 теңге, үшінші балаға 7,85 АЕК – 27083 теңге, төртінші және одан көп балаға 8,90 АЕК – 30705 теңгені құрайды. 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 56794 теңге мөлшерінде (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде). Бұл жәрдемақы қала бойынша 8 мыңнан астам отбасыға ай сайын төленіп отыр, – деді спикер.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті өкілінің айтуынша, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы беріледі (жәрдемақы мөлшері қазіргі уақытта 22080 теңге (6,4 АЕК). Қала бойынша 6000 ана көп балалы ана ретінде жәрдемақы алады, соның ішінде 1 739-ы – «Алтын алқа», 3 788-і – «Күміс алқа», 241 «Батыр ана» және 232 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдер де ай сайын жәрдемақы алып жүр.
Кәмелетке толмаған немесе 18-23 жас аралығында күндізгі нысан бойынша оқитын 4 және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындалады. Қазіргі таңда 28 267 астаналық отбасы осы жәрдемақымен қамтылған.
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)