00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада ауызсудың жиі тоқтатылу себебі белгілі болды

01.04.2023 | 00:53
Елорда ақпарат
44

Астана халқының артуына және қаланың қарқынды дамуына байланысты ауызсу өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта "Астана су арнасы" МКК су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр, деп хабарлады Elorda.info.

04:30-дан 09:30-ға дейін су қысымы жоғары режимде, 09:30-дан 12:00-ге дейін төмен қысымда, 12:00-ден 14:00-ге дейін жоғары қысымда, 14:00-ден 18:00-ге дейін төмен қысымда, 18:00-ден 00:00-ге дейін жоғары қысымда, 00:00-ден 04:30-ға дейін төмен қысымда болады.

Бұл шаралар жаңа ССС іске қосылғанға дейін қабылданады. Сорғы-сүзгі станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды. Оның қуаттылығы тәулігіне 105 мың текше метрді құрайды. Жаңа ССС құрылысының аяқталуы – осы жылдың жазы.

Барлық тұтынушылардан үйге келетін судың сапасы мен мөлшеріне теріс әсерін азайту үшін суды тиімді пайдалануын сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет, – делінген хабарламада.

Все новости