Астаналық дәрігерлер қимылы шектелген науқасқа күрделі ота жасады
![](/img/articles/uploads/64216386057d5531915541_9290f6135e.jpg)
Елордада академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының хирургтары көп жылдардан бері зардап шеккен науқасты ауруынан құтқарды, деп хабарлады Elorda.info.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қалалық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, ота МӘМС жүйесінде жасалған.
Екібастұздан келген пациент Владимир секілді сырқаттан зардап шегетін науқастардың ауруын дәрігерлер «Сұрау белгісі кейпі» деп атайды. Бұл ауру алға қарау үшін адамның басын көтеруіне мүмкіндік бермейді. Науқас бұл сырқаттан көп жылдар бойы зардап шеккен.
Мұндай ауруға операция жасау өте қиын және сирек жасалады. Тіпті Ресей дәрігерлері де науқасты қабылдаудан бас тартқан.
Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының хирургтары жоғары технологиялық медицина көмегімен 6 сағат бойы ота жасады. Сәтті жасалған отадан кейін пациент қазір оңалту кезеңінде.
Жазға қарай Владимир белсенді өмір салтына толыққанды көшеді деп үміттенеміз. Ең бастысы – оңалту кезеңінен дұрыс өту, - дейді омыртқа патологиясы бөлімінің меңгерушісі Сейдәлі Сапарәліұлы Әбдалиев.
Осындай бір ғана күрделі отаның құны орта есеппен бірнеше миллион тұрады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан медициналық қызмет көрсетуге қомақты қаражат бөлінеді. Жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен травматология, нейрохирургия, кардиохирургия, урология, онкология, т.б. салалар бойынша көптеген қымбат оталар жасалады. Мысалы, 2022 жылы елордада жоғары технологиялық медицина көмегімен 7885 ота жасалды.
Осындай күрделі отаны маған МӘМС жүйесінде тегін жасады. Сәтті отадан кейін өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін, ҰҒТОО дәрігерлеріне алғысым шексіз, - деп ризашылығын білдірді Владимир.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)