00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғын үй қатынастары мәселелерін талқылады

31.03.2023 | 23:54
Аяулым Алтынбек
76

Бүгін Астана қаласынан Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар елордадағы белсенді мүлік иелері бірлестігінің төрағаларымен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу тұрғын үй қатынастары және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері бойынша өтті.

МИБ төрағалары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық иелері қауымдастығымен бірлесіп, депутаттыққа түсіп жатқан кандидаттарды МИБ орталығының қызметімен, бірлестік көрсететін қызметтермен және осы бағыттағы өзекті мәселелермен таныстырды. 

Депутаттыққа кандидаттар мен қаланың белсенді тұрғындары тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үйлерді пайдалану мәселелері бойынша "Бірыңғай терезе" ретінде жұмыс форматы туралы айтып, қалалық мәслихат деңгейінде тезірек шешім қабылдауды талап ететін мәселелерді көтерді.

Минималды тариф енгізу қажет. Мәслихат депутаттары осы мәселені қолға алса екен дейміз. Ең төменгі тарифті Қосшы, Степногорск қалаларында қабылданса, елордада әлі жоқ. Бұл мәселе шешілмесе үлкен зардаптар әкелуі мүмкін. Елордада инженерлік коммуникациялар тозып жатыр. Депутаттар осы мәселені қолға алса екен. Тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалатын қаражаттың толық есебі ашық жүргізілуі қажет, - дейді "Қордай 79" МИБ төрағасы Марат Өсербеков. 

Кездесуге қатысушылар күрделі жөндеу, ең төменгі тариф, тұрғын үйлерді паспорттау, қаланың бірыңғай архитектуралық стилі және басқа да мәселелерді көтерді. МИБ төрағаларының айтуынша, бұл мәселелер жүйелі жұмыс пен қомақты қаржы салымдарын қажет етеді.

Все новости