00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Биыл 24 мыңнан астам астаналық жұмыспен қамтылады

31.03.2023 | 23:37
Елорда ақпарат
76

Астана қаласының Коммуникациялар қызметі алаңында «2022 жыл қорытындысы бойынша жұмыспен қамту туралы. 2023 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов пен «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары Сәбит Жаманбаев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Елорданың еңбек нарығындағы жағдай тұрақты және қатаң бақылауда. Жұмыссыздық деңгейі – 4,5%, бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға төмен.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде былтыр жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 27,5 мыңнан астам адам, оның ішінде 17,9 мың жас қамтылды: 12,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 8 362 адам (3 407 жастар); жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар берілді – 350 (204 жастар және 146 әлеуметтік осал топтар қатарынан); жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша кәсіптік оқыту – 172 (26 жастар); жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқыту – 64 (14 жастар); «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту – 4 320 (2 255 жастар); enbek.kz платформасында дағдыларға онлайн оқыту – 598 (196 жастар), – деді спикер.

Сондай-ақ 40 513 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 35 981 мың тұрақты орын. Ұлттық жобаларды іске асыру аясында Астана қаласы бойынша 14 211 жаңа жұмыс орны құрылды (жоспар 14 180 орын).

Атап өту керек, 2022 жылдан бастап «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысушылардың жалақысының мөлшері 30 АЕК-ке дейін артты. Жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант мөлшері 400 АЕК-ке дейін (1,2 млн теңге) ұлғайтылды.

Биыл 24 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, оның ішінде 16,5 мыңнан астамы – жастар.

Жаңа жұмыс орындарын құру жоспары 55 мыңнан асады, оның ішінде Ұлттық жобалар аясында 10,3 мың жұмыс орындары. «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталында 1 674 жұмыс берушіден 4 306 бос орны орналастырылған.

Все новости