Астанада Бейбарыс сұлтанның атына көше берілді
![](/img/articles/uploads/63f890b766bf6544630303_314f235851.jpg)
Астанада Бейбарыс сұлтанның атына көше беріліп, оның ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара «Көктал» саябағының жанында өтті. Оған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері және басқа да шақырылған қонақтар қатысты.
Осылайша, Сарыарқа ауданындағы №189 көшеге Мысыр сұлтанының есімі берілді.
Бұл – ұзындығы 2 шақырымнан асатын алты жолақты көше. Біз мерейтой аясында спектакльдер, ғылыми конференциялар, Мысыр тарапымен бірлескен жобалар, шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов көшенің ашылу рәсімінде.
Есет Байкен атап өткендей, елорда әкімдігі бұл көшені белсенді игеруді жалғастырып жатыр, өйткені бұл көше – қаланың әлеуетті бөлігі.
Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Бейбарыс сұлтанның есімі берілген көше болашақта шаһардағы халық ең көп қатынайтын ірі жолдардың біріне айналатынын айтты.
Еске салсақ, Бейбарыс сұлтан – Дешті Қыпшақ даласынан шығып, Мысыр елінде 17 жыл бойы Мәмлүктер мемлекетінің басшысы болған, моңғол шапқыншылығы мен Крест жорықтарына тойтарыс берген беделді қолбасшы.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)