00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазынашылық департаментінде заңнама талаптарын түсіндіру бойынша техникалық оқу өтті

31.03.2023 | 23:05
Елорда ақпарат
85

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ қабылданған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» (бұдан әрі-ӘРПК) норма талаптарын сақтау және дұрыс қолдану мақсатында Астана  қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасы Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде 2023 жылғы 8 ақпан күні ӘРПК-нің заңнамалық талаптарын түсіндіру бойынша техникалық оқу өткізді.

Техникалық оқу департаменті басшысының орынбасары Б.Т. Садвокасова қатысушыларды күн тәртібімен таныстырумен басталып, одан кейін ҚСжАЕАК-ның прокуроры А.А.Турсынханов мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдеріне, оның жалпы ережелеріне басты назар аудара отырып, мынадай келесі мәселелерге тоқталды:

Мемлекеттік органдардың ішкі әкiмшiлiк рәсiмдерiн жүзеге асыру шарттары; Жеке қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау; Мемлекеттiк органдарда қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуi; Жолданымға қойылатын жалпы талаптар; Жолданымды қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу; жолданымды уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға әрі қарай жолдау; Әкімшілік актілердің нысандары; Әкімшілік істерді жүргізу және есепке алу; Әкімшілік істі қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері Әкімшілік рәсімді тоқтату; Тыңдау хаттамасы; Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімдері; Әкімшілік актіге қойылатын жалпы талаптар; Әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізу; Әкімшілік актінің күшіне енуі, қолданысқа енгізілуі және қолданысының тоқтатылуы; Әкімшілік актіні орындау тәртібі мен мерзімдері; Оңайлатылған әкімшілік рәсімді жүзеге асыру тәртібі; Оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату; Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік рәсімде қараудың нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері; Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау; Шағым жасау тәртібі; Шағым беру мерзімі; Шағымның нысаны мен мазмұны; Шағымды қараусыз қалдыру; Шағымды қараудың жалпы қағидалары; Шағымды қарау мерзімі; Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері және т.б.

Бұл іс-шара барысында ӘРПК өзекті мәселелерін талқылай отырып, жолданымды тіркеу кезіндегі мәртебесін анықтау, өтініш иесінің бастамасымен кері қайтарылатын жолданымдарды қарастыру мерзіміне байланысты техникалық ақаулықтар болған жағдайда, әкімшілік органның әрекеті және т.б. көпшілікті толғандырған сұрақтарға жоғары деңгейдегі біліктілікпен жауап беріп түсіндірілді.

Сонымен қатар техникалық оқу соңында жеке және заңды тұлғалардың жолданым түрлерін қарау мерзімдері туралы жадынама таратылып, Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің құрылымдық бөлімшелері мен жеке бөлімдер басшылары қатысқан ұжымның іс-шара өз мәресіне жетті.

Ж. НҰРМАҒАНБЕТОВА,

Астана қаласы бойынша

Қазынашылық департаменті

әкімшілік-құқықтық бөлімінің

бас маман

Все новости