00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елорда бюджетіне ақылы тұрақтардан 2 млрд теңге түсті

Астанада ақылы автотұрақ қызметінің арқасында жоба басталғалы қала бюджеті 2 млрд теңгеден астам сомаға толықты. Тұрақты пайдаланудан түскен сома – 202 млн теңге, деп хабарлады Elorda.info «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-ға сілтеме жасап.

Айта кетейік, тұрақ ақысын төлемегені үшін салынған айыппұл сомасы толығымен қала бюджетіне түседі және ол инвесторға кері қайтарылмайды.

Ақылы автотұрақтар жүйесі «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-ның 2,7 млрд теңгеден астам қаражатына іске асырылды. Мемлекет кірісі – 92%, ЖШС кірісі 8% құрады. Мемлекет тарапынан инвестициялар тартылған жоқ, - делінген компания мәліметінде.

Елордада нөмірленуі 11**, 2***, 3***, 4*** деп басталатын ақылы автотұрақ жобасы 2022 жылдың 1 наурызында енгізілді. Аталмыш тұрақтар: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін – ақылы, ал демалыс және мереке күндері – тегін.

Все новости