00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалық волонтерлер жалғызбасты қарттардың ауласын қардан тазалады

31.03.2023 | 21:40
Сабина Кәкімжан
115

Бүгін елордада 20-дан астам волонтер жалғызбасты қарттардың ауласын  қардан тазалады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл игі істі Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Волонтер болу – игі жұмыс. Мұндай ортаға жиналғандар бір-бірімен тәжірибе алмасады, ел көреді, жер көреді. Сондай-ақ дос табады. Сол арқылы орта қалыптасады. Ал, айналадағы адамдардың алғысын алған кезде ерекше сезімде боламын. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - деді волонтер Мерей Қалел.

Ал зейнеткерлер Астана әкімдігі мен студенттерге алғыс айтты.

Көмек берген балаларға рақмет. Себебі ауланы қардан тазалау маған қиын екені рас. Волонтерлерге рақмет, мықты денсаулық тілеймін, - деді зейнеткер Роза Садвакасова.

Волонтерлар жалғызбасты қарт кісілер тұратын 3 мекен-жай бойынша аумақты қардан тазартты.

Қайырымды іс қыс мезгілі аяқталғанша жалғасады.

Все новости