00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада бір жылда 22 мың жас жұмыспен қамтылды – Қайрат Қамбаров

31.03.2023 | 21:26
Елорда ақпарат
77

Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада 14-29 жас аралығындағы 232 мың жас бар. Олардың еңбекке қабілеті барлары – 166 500, яғни 71,7 пайыз. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады. NEET санатындағы жастар үлесі 6,7 пайыз немесе 11 155 адам. Былтыр осы уақытта көрсеткіш 7 пайыз болатын. Бір жылдың ішінде 500 адам NEET санатынан жұмыс істейтіндер санатына ауысты, - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол енді жастар ұғымының шегі 29 жас емес, 35-ке дейін ұлғайтылғанын атап өтті.

Жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру бойынша түзетулер көзделген. Сонымен қатар жұмыспен қамту, NEET санатындағы жастармен жұмыс та назардан тыс қалмайды. Енді NEET деген ұғымның өзі жаңа заңға сәйкес уақытша жұмыссыз жастар болады.

Бір жылдың ішінде елордада 22 мың жас жұмыспен қамтылды. Тұрақты жұмысқа 3 325 адам орналасса, жастар практикасына – 923 адам, қоғамдық жұмыстарға – 949 адам, алғашқы жұмыс орны – 179 адам, әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламалары аясында 49 адам қамтылды. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 1,2 миллион теңгенің гранттарына 204 елордалық ие болды. «Бастау бизнес» жобасы аясында 2 112 адам оқытылды. Бос орындары жәрмеңкесінде 3 600 жас қамтылды, - деді Қ.Қамбаров.  

Все новости