00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада есірткі сақтаған шетелдік ұсталды

31.03.2023 | 20:46
Елорда ақпарат
44

Астана қалалық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады. Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді деп хабарлады Elorda.info.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазды Ішкі істер министрлігінен.

ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Все новости