Астанада көмір сату орындарын енді Smart Astana қосымшасынан көруге болады
![](/img/articles/uploads/636911e62d05e553704257_60d3463b5b.jpg)
Енді Smart Astana қосымшасын пайдалана отырып, көмірдің бар-жоғын, сату орталығының мекенжайын, бағасы мен сапасы туралы ашық ақпаратты көруге болады, деп хабарлады Elorda.info.
Мобильдік қосымшада 16 сауда нүктесі мен көмірдің 5 түрі көрсетілген.
Көмірдің бар-жоғы туралы күнделікті ақпаратты Астана қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы береді. Smart Astana арқылы баға мониторингі онлайн форматта жүргізіліп, көмірдің жетізу уақытын көруге болады. Сондай-ақ көмірдің түрі мен бағасы сұрыпталып, өзіңіз қалайтын түрін таңдай аласыз. Сол сияқты пайдаланушы көмір сату орнын өзіне жақын етіп таңдай алады. Сатып алушыға ыңғайлы болу үшін қызмет көрсетушінің байланыс телефондары көрсетілген. Сату орнында көмір болмаса немесе оның бағасы тым жоғары болса, басқа да себептермен қызмет көрсету көңіліңізден шықпаса, Smart Astana мобильді қосымшасында пікір қалдыру не шағым жазу мүмкіндігі бар.
Smart Astana қосымшасын Play Market пен App Store платформаларынан келесі сілтеме арқылы https://onelink.to/nkzfxa жүктеп алуға болады.
Айта кетейік, елордада қаланы газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандарында газға қосылу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген. Олар Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Теміржолшылар, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол жағы), Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный, сондай-ақ Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігі. 680 шақырымнан астам газбен жабдықтау желісінің құрылысы аяқталды, кварталішілік желілер тартылды. Газға 6 мыңнан астам үй қосылған.
Қалған Байқоңыр және Есіл (кварталішілік желілер – 2023 жылы) аудандарында газ құбырын салу жұмысы жүріп жатыр.
![](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астанада дәмхана өртенді](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Елордада жаңа кітапхана ашылды](/img/articles/a025dd6342dbbf6e3b3043e0d53dae70.jpeg)
![Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады](/img/articles/2c6412729b387d59a5add8c8de960e6d.jpg)
![Елордада ұлттық костюмдер дефилесі өтті](/img/articles/148eeb79ee4ca96186b45886afc4aa1c.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/d1ebfdd234b60c94b00db1e335b3c095.jpeg)
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/img/articles/8527c108fb201c96bc1c3bf6e19ac1e7.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)