00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Домбыра мен күй өнерінің қазіргі ахуалы талқыланды

31.03.2023 | 19:31
Елорда ақпарат
84

Елордада «Домбыра мен күй өнері: бүгінгі ахуалы және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Дөңгелек үстелге қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, «Күй анасы» республикалық қордың жетекшісі, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Төлеген Қуанышев сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.

Іс-шара барысында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов жыл сайын домбыра тартуды үйренушілер саны артып келе жатқанын айтты.

Айта кетейік, жақында елордада Республика күніне орай «Күйшілер аллеясы» ашылды.

«Достық» үйінде өткен іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілді.

 Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – ұлттық аспабымыз домбыраның қазіргі ахуалы мен болашағы жайында ой өрбіту. Сондай-ақ алдағы атқаратын істер бойынша талқылау. Қазіргі кезде бұған қатысты проблемалар бар. Мәселен, домбыра тартуды үйрететін мамандар өте аз. Сондықтан министрлікке осы мамандық бойынша оқытатын студенттерге грант санын көбейту бойынша ұсыныс айтуға ниеттіміз, - деді Төлеген Қуанышев.

 

Все новости