00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астаналық ардагерлер патриоттық челленджді жалғастырды

31.03.2023 | 19:27
Елорда ақпарат
40

Елордалық «Ардагерлер ұйымы», «Ақ кимешек – киелім» белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ардагерлері, сол сияқты ақжаулықты аналар жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, патриоттық челленджді жалғастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Республика күні араға көп жылдар салып халқымызға қайта оралған маңызды мерекелердің бірі де бірегейі.

Биыл Мемлекет басшысының жариялауымен 25 қазан Республика күні болып қайта белгіленіп, аталып өтіп жатыр. Ұлттық мереке қарсаңында елордамыздың төрінде жұрт сүйсінерлік іс-шара өтті.

Тәуелсіздікті ту еткен ақжаулықты аналар, даналықтың бастауы ардагер ата-әжелер Бәйтерек монументі алаңына жиналып, ҚР мемлекеттік әнұранын әуелете шырқады. Ашық аспан астында тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді жалынды, жігерлі үнмен жеткізе отырып, халқымызды Республика күнімен құттықтады.

Іс-шара соңында «Ақ кимешек – киелім» аналарының төрайымы, әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызының ақ тілегімен түйінделді.

Оқи отырыңыз: Елордада Республика күніне арналған челендж басталды

Айта кетейік, Астанада Республика мерекесіне орай патриоттық челлендж бастау алған болатын.

Все новости