Елордада автобустар қозғалысын бақылайтын жаңа қосымша іске қосылды
![](/img/articles/uploads/6352399b74901044723077_bd4da1418c.jpeg)
City Transportation Systems Астана тұрғындары үшін нақты уақыт режимінде қалалық автобустар қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін жаңа мобильді қосымшаны іске қосты, деп хабарлады Elorda.info.
«CTS» жаңа мобильді қосымшасы қоғамдық көлік жолаушыларына, паркингтерді жалға алушыларға және велошеринг пайдаланушыларына арналған. Қосымшада velobike.kz сайты және «Transcard», «CTS Parking» сервистері біріктірілді.
«CTS» жаңа мобильді қосымшасының көмегімен пайдаланушылар «Astrabus», «2GIS» және «Яндекс. Карталар» баламасы ретінде бағдарларды нақты уақыт режимінде бақылай алады. Сондай-ақ қаражатты банк картасынан ұстай отырып, QR-код бойынша жол ақысын ыңғайлы төлеу мүмкіндігі бар. Тек картаны қосымшаға байланыстырсаңыз жеткілікті.
Біздің компанияның басты міндеті – елорда тұрғындары мен қонақтары үшін көрсетілетін қызметтерімізді барынша ыңғайлы ету. Осы уақытқа дейін бізде көрсетілетін қызметтердің үш бөлек сервисі болатын: «Transcard» қосымшасы, «CTS Parking» сервисі және velobike.kz сайты. Бұл аса ыңғайлы емес еді. Ал енді ыңғайлы болу үшін біздің қызметтеріміздің бірыңғай терезесі – «CTS» мобильді қосымшасын жасадық. Мысалы, «Transcard» сервистерін біріктіре отырып, жаңа қосымшаның пайдаланушыларына көлік картасын тіркеу және толықтыру, теңгерімді көшіру, жүрген жолдар тарихын қарау қызметтері қолжетімді. Сондай-ақ, кассалар мен көлік картасын толтыру пункттерінің орналасқан жері мен мекенжайларын көруге де болады. Бұдан бөлек, жаңа қосымшада пайдаланушылар тіркеліп, «Astana bike» велопрокат сервисінің жеке кабинетіне кіре алады. Сондай-ақ, онда абонемент сатып алуға, теңгерімді толықтыруға, велостанциялардың орналасқан жерін, велосипедтер мен бос құлыптардың қолжетімді санын көруге болады, - деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Ғани Тәжиев.
Сонымен қатар «CTS» жаңа мобильді қосымшасында Сity Transportation Systems компаниясының паркингтерін жалға алушылар үшін тұрақ орындарының орналасқан жері мен қолжетімді тұрақтар санын көре отырып, онлайн-жалдау қызметтері де бар.
«CTS» мобильді қосымшасын Google Play және App Store онлайн-дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.
![](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астанада дәмхана өртенді](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Елордада жаңа кітапхана ашылды](/img/articles/a025dd6342dbbf6e3b3043e0d53dae70.jpeg)
![Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады](/img/articles/2c6412729b387d59a5add8c8de960e6d.jpg)
![Елордада ұлттық костюмдер дефилесі өтті](/img/articles/148eeb79ee4ca96186b45886afc4aa1c.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/d1ebfdd234b60c94b00db1e335b3c095.jpeg)
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/img/articles/8527c108fb201c96bc1c3bf6e19ac1e7.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)