00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада ұстаздар мен студенттер арасында эко-квест өтті

Елордадағы Жетісу саябағында Ұстаздар күніне орай экологиялық әрі спорттық іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған іс-шараға қаладағы 14 колледждің мұғалімдері мен студенттері қатысты. Екі ұстаз бен студенттен құрылған командалар волейбол, паутина, шеңбер және трудопровод аталатын ойындарға қатысты.

Бүгінг іс-шараны ұйымдастырғанда тек жарыс сияқты өткізу ғана емес, экологиялық жағынан да тиімді болғанын қаладық. Жетісу саябағында әртүрлі байқау түрлері өтетін орындар белгіленді. Яғни, мұғалімдер мен студенттер саябақ ішінде жарыс орындарын ауыстырды. Қатысушылар бір нүктеден екінші нүктеге жеткенше саябақтағы қоқысты да жинады,-  дейді Жастар ресурстық орталығының маманы Арайлым Сапаралиева.

Жарыс нәтижесі бойынша, 1-ші орынды «ЕҰУ колледжі», 2-ші орынды «Даналық», ал 3-ші орынды «Медециналық-техникалық» колледжі иеленді. 

Мұғалімдер мен студенттер арасында ұжымдық тығыз байланыс орнатуды көздеген іс-шарада қатысушыларға ыстық шай мен тәттілер ұсынылды. 

Айта кетейік, дәл осындай іс-шара бұған дейін қала жастары мен еріктілер арасында да ұйымдастырылған. Ал мұғалімдер мен студент жастар арасында алғаш рет өткізілді.

Все новости