00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанадағы тұрғын үйлердің 85% жылыту маусымына дайын – әкімдік

31.03.2023 | 17:08
Елорда ақпарат
79

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Бағдат Байсадықов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жылумен қамту магистральді желілерінің гидравликалық сынақтары толық көлемде аяқталды, тұрғын үй алабында және әлеуметтік нысандардың автономды жылыту көздеріндегі қазандықтар дайындалды, қосалқы электр станцияларына техникалық қызмет көрсету аяқталды, сумен жабдықтау және су бұрудың барлық желілері дайын, - деді Б.Байсадықов.

Сондай-ақ басқарма өкілі жылу және электр желілері нысандарын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Бұл жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Білім беру 99% (188-ден 187 нысан дайын), денсаулық сақтау 86% (43-тің 37-і дайын) объектілерін дайындау аяқталып қалды. Олар бойынша жұмыстарды 23 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғын үй қоры бойынша дайындық 85% құрайды.  2 999 үйдің 2 557-сі дайын. Әкімдік осы үйлерді мүлік иелерінің бірлестіктерімен және қызмет көрсететін компаниялармен дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді Б.Байсадықов.

Все новости