Елордада алдағы күндері қандай қызықты іс-шаралар өтеді
Елордада алдағы күндері қандай мәдени іс-шаралар өтеді? Бұл сұраққа бүгін «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі қарсаңында елордада өткізілетін іс-шаралар» тақырыбында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Камзин айтты, деп хабарлады Elorda.info.
12-16 қыркүйек аралығында «Бәйтерек» монументінің алаңында «Ұлы дала сазы» атты этно-фестиваль өтеді. Ауқымды фестиваль заманауи этникалық жанрында болмақ. Бұл - қазіргі этникалық музыка жанрындағы ең ірі жобалардың бірі. Этно-фестиваль туристерді қазақ халқының бай мәдениетімен таныстырады. Фестиваль 12-16 қыркүйек аралығында яғни 5 күн бойы өтеді. Этноауыл сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда келушілер барлық киіз үйлерге кіріп, көшпенді халықтың мәдениеті мен тұрмысымен таныса алады, - деді Н.Камзин.
Сондай-ақ елордалықтар шеберлік сабақтарына қатысады. Аңшы үйінде болып, бүркітпен, тазы ит пен суретке түсіп, ұлттық ойындарды ойнай алады.
Фестивальдің концерттік бөлімі күн сайын сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Баршаңызды фестиваль қонағы болуға шақырамыз, - деді Н.Камзин.
Оған қоса, қалада тағы бірнеше іс-шара ұйымдастырылады.
14 қыркүйекте Жастар сарайында «Наз» мемлекеттік би театрының «Қазақ жәдігерлері» концерттік бағдарламасы өтеді. 15 қыркүйекте Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Жас Абай» спектаклі болады. Сонымен қоса, 16 қыркүйекте «Астаналық циркте» цирк бағдарламасы ұсынылады, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары.
Ал 16-17 қыркүйек күндері Борис Асафьевтің «Бақшасарай субұрқағы» драмалық балеті «Астана Опера» театрында көрсетілмек.
17 қыркүйек Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында «Ханс Циммер» концерті көрерменге жол тартады.
Айта кетейік, елордада өтетін мәдени іс-шараларды Мәдениет басқармасының әлеуметік желідегі парақшасынан білуге болады.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)