Елордада биыл 300-ден астам отбасы апатты үйлерден көшіріледі - Көлгінов
![](/img/articles/uploads/631bf89c06518898235746_43c24acaec.jpg)
Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдап, қала тұрғындарын мазалайтын тұрғын үй мәселесіне назар аударды, деп хабарлады Elorda.info.
Апта сайын әдеттегідей азаматтарды қабылдадым. Қала тұрғындары қозғайтын негізгі проблемалардың бірі – тұрғын үй. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жеңілдетілген қолжетімді баспана салу жұмысы жүріп жатыр, сол сияқты жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, тұрғын үй сертификатының сомасы ұлғайды, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар санаты кеңейді және т.б, - деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.
Шаһар басшысы сондай-ақ азаматтарды қабылдау барысында лифтілерді ауыстыру мәселесі көтерілгенін де атап өтті.
Алайда қаламызда апатты күйде тұрған 200-ден аса үй бар. Соңғы үш жылда мұндай үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Биыл тағы 300-ден астам отбасыны көшіруді жоспарлап отырмыз. «Елорда Даму» бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері апатты үйлерден 4 мың 200 отбасы көшірілді.
Бұдан бөлек тұрғын үй кешендерін жөндеу және қауіпті лифтілерді ауыстыру жұмысы қолға алынды. Мәселен азаматтарды қабылдау барысында лифтілерді (Алматы ауданы, Күйші Дина көшесі) ауыстыру мәселесі көтерілді. Бұл үйдегі лифтілердің бір бөлігі ауыстырылды, қалған бөлігін ауыстыру жұмысы жүріп жатыр. Осыған дейін 80 лифті жаңартылды, биыл тағы 40-ға жуық жеделсатыны жаңартуды жоспарлап отырмыз. Келер жылғы жоспарға әзірге 30 лифті енді, тізімді толықтыру жұмысы жүріп жатыр, - деді Алтай Көлгінов.
![Елордада үш автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді](/img/articles/7a703d4bb8b833f59130c204263c9020.jpeg)
![Алаш тасжолының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)