00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада Қазақстанның Әйелдер күштері альянсының кездесуі өтіп жатыр

31.03.2023 | 16:53
Сабина Кәкімжан
53

Елордада қалалық Ішкі саясат басқармасы мен Қазақстанның Әйелдері күштері альянсының кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Оған республика бойынша 50-ден астам іскер әйел жиналды. 

Мұнда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын  талқылаймыз. Олардың ішінде әсіресе әйелдерге, отбасыға байланысты мәселер бойынша әңгіме өрбітеміз. Сондай-ақ бүгінгі кездесу барысында Қазақстанның Әйелдері күштері  жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, алда өтетін іс-шаралар жоспарын бекітеді, - деді Нұр-Сұлтан қаласының Әйелдер күштері альянсының төрайымы Назгүл Мақжан. 

Мұндай үкіметтік емес ұйымдарды қалалық Ішкі саясат басқармасы әрдайым қолдайды. 

Қазақстанның Әйелдері күштері альянсының мақсаты - саясатқа, мемлекеттік қызметке, бизнеске араласуына ниет білдірген қыз-келіншектерді тәрбиелеу. Бұл – Нұр-Сұлтан қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың бірі. Олармен үнемі тығыз қарым-қатынастамыз. Мұндай ұйымдар санының артқаны біз үшін өте маңызды. Мұндай ұйымдарды қолдаймыз әрі бірлесіп жұмыс істейміз, - деді қалалық  Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов. 

Іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Әйелдер күштері альянсы мен Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы екіжақты меморандумға қол қойды. 

Айта кетейік, биыл Қазақстанның Әйелдері күштері альянсының құрылғанына 3 жыл толып отыр.

Все новости