00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада Қазақстанның Әйелдер күштері Альянсының кездесуі өтіп жатыр

31.03.2023 | 16:53
Елорда ақпарат
43

Елордада қалалық Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, Қазақстанның Әйелдері күштері Альянсының кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Мұнда республика бойынша 50-ден астам іскер әйел жиналды. 

Мұнда президент Қасым-Жомарт Тоқаевиың халыққа Жолдауын  талқылаймыз. Олардың ішінде әсіресе әйелдерге, отбасыға байланысты мәселер бойынша әңгіме өрбітеміз. Сондай-ақ бүгінгі кездесу барысында  Қазақстанның Әйелдері күштері  жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, алда өтетін іс-шаралар жоспары бекітіледі, - деді Нұр-Сұлтан қаласының Әйелдер күштері Альянсының төрайымы Назгүл Мақжан. 

Мұндай үкіметтік емес ұйымдарды қалалық Ішкі саясат басқармасы әрдайым қолдайды. 

Қазақстанның Әйелдері күштері  Альянсының мақсаты -  саясатқа, мемлекеттік қызметке, бизнеске араласуына ниет білдірген қыз-келіншектерді тәрбиелеу. Бұл - Нұр-Сұлтан қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың бірі. Олармее үнемі тығыз қарым-қатынастамыз. Мұндай ұйымдар санының артқаны - біз үшін өте маңызды. Мұндай ұйымдарды қолдаймыз әрі бірлесіп жұмыс істейміз, - деді қалалық  Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов. 

Іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша   Әйелдер күштері  Альянсы мен Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы  екі жақты меморандумға қол қойды. 

Айта кетейік, биыл Қазақстанның Әйелдері күштері Альянсының  құрылғанына  3 жыл болып отыр.

Все новости