00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Кәсіпкерлікті оқыту негіздері қалай жүргізіледі

25.02.2023 | 13:13
Елорда ақпарат
70

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін тұлғалар business.enbek.kz порталында тіркеледі.

Адамдардың санаттарына сәйкестігін тексеру business.enbek.kz  порталында  автоматты режимде жүзеге асырылады, одан кейін skills.enbek.kz платформасында  «Бизнес Бастау» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту онлайн курсына қолжетімділік беріледі. Онлайн оқыту курсының ұзақтығы оқу курсы басталған сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күннен аспайды.

Онлайн оқыту курсы өтеусіз негізінде ұсынылады. Курс қорытындысы бойынша қорытынды тестілеу өткізіледі. Оқуды тоқтатқан не қорытынды тестілеуден өтпеген адамға күнтізбелік жыл ішінде 2 (екі) реттен артық емес онлайн оқытуға қайта қатысу мүмкіндігі беріледі. Сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) пайызынан астамын дұрыс жауап алған тұлғаға платформада бірегей нөмір бере отырып, оқуды аяқтағаны туралы электрондық сертификат беріледі. Сертификат жеке кабинетте көрсетіледі. Оқуды аяқтау туралы сертификат оны алған күннен бастап үш жыл бойы жарамды», - деп мәлім етті Бақыт Бекенов.

2022 жылдың 8 тамызындағы жағдай бойынша бағдарламаның әлеуетті қатысушысының гранттар алуға кейіннен қатысуы үшін «Еңбек нарығы» ААЖ деректері бойынша 475 адам «іске кірісті», 436 адам «аяқтады» мәртебесін иеленген.

Все новости