00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада азық-түлікті сақтау шартын бұзған дүкендер анықталды

25.02.2023 | 12:26
Айман Нығмет
99

Мониторинг барысында 1 000-нан астам дүкен қамтылды. Жұмыс барысында сауда үстемесінен асып кету және көкөніс пен сүт өнімдерін сақтаудың санитарлық нормаларын сақтау бойынша бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкер тауарға баға белгісінің болуын және шекті сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Басқарма баға белгілерінің болмағаны және сауда үстемесінің 15%-дан асып кеткені үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлайды. Сол сияқты үй жанындағы дүкендердің иелері санитарлық нормаларды сақтауы қажет, оның ішінде тез бұзылатын өнімдерді сақтау бойынша: тоңазытқыш камераларды сөндірмеу, сүт өнімдері секторын стеллаждармен жабдықтау, ауаның төмен температурасы мен ылғалдылығын бақылау, сондай-ақ сауда-саттық кезінде белгілі бір жарық режимін сақтау.

Коммуналдық төлемдерді үнемдеу елорда тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіреді.

Все новости