00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада су тарифі көтерілді

25.02.2023 | 11:41
Айман Нығмет
94

Халық үшін магистралдық құбырлар мен таратушы желілер арқылы ауыз суды тазарту және беру тарифі ҚҚС қоса алғанда 12%, 1000 литр су үшін 6 теңгеге ұлғайды. Бұрынғы тариф 50,26 тг, жаңа тариф – 56,29 тг құрады.

Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар үшін тариф 19 теңгеге өсіп, 177,63 теңгені құрады.

Бюджеттік ұйымдар мен заңды тұлғалардың тұтынушылары үшін тариф 1000 литр су үшін 26 теңгеге – 245,74 теңгеге ұлғайды.

Сарқынды суларды бұру және тазарту тарифі 39,20 теңгеден 43,90 теңгеге дейін өсті.

Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындар үшін тариф 21,36 теңге/текше метрге — 199,37 теңге болды.

Бюджеттік ұйымдар мен заңды тұлғалар үшін тариф 27,4 теңгені құрады. Ал техникалық судың құны 37,91 теңгеге дейін өсті

Все новости