00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Әуесқой велошабандоз велошеруін елордадан бастады

25.02.2023 | 11:30
Айман Нығмет
86

24.kz мәліметінше, велошеру «Тәуелсіздік бастауы – Кенесары ханның туғанына 220 жыл» деп аталады. Велошабандоз елордада Есіл өзені жағасындағы Кенесары хан ескерткішінен бастады. Сосын Кенесары көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы «Астана – Қарағанды» тас жолымен жалғасты.

Ернаттың айтуынша, шеру әрі қарай Қарағанды қаласына жалғасады. Кеншілер шаһарына Бұқар жырау даңғылы арқылы кіріп, «Тәуелсіздік» стелласының алдында акция түйінделеді. Әуесқой спортшы бұл шеруін тәуелсіздік үшін күресіп құрбан болған қазақтың соңғы ханы Кенесарының рухына арнамақ.
 

Все новости