00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қала тұрғындары үшін мерекеде қандай тосынсый болмақ? Алтай Көлгінов жауап берді

25.02.2023 | 10:20
Елорда ақпарат
42

Ай басынан қалада концерттерден бастап, спорттық фестивальдерге дейін ондаған алуан түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Мәселен, Ұлттық домбыра күнін мерекелеу, Ермұрат Үсеновтің 70 жылдығына арналған «Өмір дастан» концерті, ерлер мен қыздар арасында бокстан «Елорда кубогына» арналған халықаралық турнир, көрмелер өтіп кетті. Қала күніне де бірқатар әлеуметтік нысан ашамыз. Кезекте тұрғандар мен жұмыс істейтін жастарға пәтер кілтін тапсырдық. Жаңа кірпіш зауытын, 80-нен астам аула, қоғамдық кеңістік пен амфитеатр және басқаларын ашуды жоспарлап отырмыз. Қала күнімен құттықтаймын! Қаламыздың дамуы әрбір тұрғынға байланысты және әр адам өз үлесін қоса алады. Сіздің редакцияңызды және барша оқырмандарыңызды қала күнімен құттықтаймын! Зор денсаулық, бақыт, табыс тілеймін, - деді Алтай Көлгінов.

Все новости