Алтай Көлгінов қала тұрғындарын астана күнімен құттықтады
![](/img/articles/uploads/62c50f79a2b1e221929095_a007ed0b0a.jpg)
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді астана күнімен құттықтаймын! Елордамыздың дамуы қаланың әрбір тұрғынына байланысты, әрқайсысыңыз осы ортақ іске өз үлесіңізді қоса аласыз.
Бас қаламыз әлі де жайлы, ыңғайлы бола түсуі үшін бірқатар жүйелі проблемалардың шешімін табу жолында жұмыс жүріп жатыр. Атап айтқанда, инженерлік және жол инфрақұрылымын жүргізу, әлеуметтік және спорттық нысандар салу, елді мекендерді дамыту, аудандарды абаттандыру жұмысы.
Шілде айы басталғалы бері қаламызда концерттен бастап спорт фестиваліне дейінгі ондаған жоспарлы іс-шаралар өтіп жатыр.
Елорда күнінде сонымен қатар әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлініп, тұрғын үй кезегін күткендерге, жұмыс істейтін жастарға, үлескерлерге пәтер кілті табысталып жатыр. Сол сияқты бірқатар әлеуметтік нысандардың, 100-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) құрылысы аяқталуға жақын, индустриялық паркте екі зауыт іске қосылса, күрделі жөндеуден кейін «Алаш» көпірі ашылды және т.б.
Баршаңызды елордамыздың төл мерекесімен шын жүректен құттықтап, әрбіріңізге мықты денсаулық, отбасы амандығын және толағай табыстар тілеймін! – деп жазды елорда әкімі.
![](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астанада дәмхана өртенді](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Елордада жаңа кітапхана ашылды](/img/articles/a025dd6342dbbf6e3b3043e0d53dae70.jpeg)
![Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады](/img/articles/2c6412729b387d59a5add8c8de960e6d.jpg)
![Елордада ұлттық костюмдер дефилесі өтті](/img/articles/148eeb79ee4ca96186b45886afc4aa1c.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/d1ebfdd234b60c94b00db1e335b3c095.jpeg)
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/img/articles/8527c108fb201c96bc1c3bf6e19ac1e7.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)