00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалық субұрқақта энтеровирус РНК-сы анықталды

25.02.2023 | 10:03
Елорда ақпарат
84

Жалпы жыл басынан бері 453 адам ауырып қалды, оның 52%-ы немесе 234 жағдай жазғы кезеңге келеді. Балалар, сондай-ақ иммун тапшылығы бар немесе басқа сырқат түрлерінен әлсіреген адамдар бұл инфекцияға көбірек бейім. Жыл басынан бері тіркелген барлық жағдайлардың 98% немесе 443-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Қазіргі уақытта 63 бала ем алуда.

Эпидемиялық маусымда балалар арасында энтеровирустық инфекцияның көп таралуының негізгі себебі су қоймаларында, бассейндер мен субұрқақтарда шомылу болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, астаналық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық маусымда мамырдан қыркүйекке дейін зертханалық зерттеулерге су сынамаларын ала отырып, субұрқақтардың су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.

Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталды: атап айтқанда, лайлылық бойынша рұқсат етілген мәннің 1,04 – 1,4 есе артуы, Есіл және Сарыарқа аудандарында орналасқан санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша фонтан кешендерінің суында (ҚазМұнайГаз ауданындағы "Каскад" фонтаны, «Водно-зеленый бульвар», Сарыарқа ауданы аппараты ғимаратының алдында), фонтан кешендері бойынша сәйкессіздік І.Есенберлин көшесінде орналасқан «Жастар» театры алдындағы, Абай-Жеңіс даңғылдарының қиылысында, Жеңіс-Кенесары даңғылдарының қиылысында, Әуезов-Дүкенұлы көшелерінің қиылысында, Сарыарқа ауданы әкімшілігінің алдында орналасқан су бұрқақтарында анықталды.

Сондай-ақ, Абай және Жеңіс даңғылдарының қиылысында орналасқан субұрқақта вирусологиялық көрсеткіштер бойынша энтеровирус РНК-сы анықталды.

Осы мән-жайларды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға балалардың денсаулығын сақтау бойынша барлық шараларды қабылдау және олардың өміріне қауіп төндіретін барлық жағдайлардың алдын алу қажеттілігі туралы кеңес береді.

Все новости