00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Алтай Көлгінов әкімдіктің неліктен «ЦУМ» ғимаратын сатып алғанын айтты

25.02.2023 | 09:55
Елорда ақпарат
115

Біздің  ведомствоға қарасты көптеген ұйымдар мен бөлімдер бар. Біздің 30-ға жуық ұйымның өзінің меншікті ғимараты жоқ, мемлекет ақшасын жұмсап, қала бойынша жалға алады. Біз жылына шамамен миллиард теңгедей жалға алуға жұмсап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, жылда жалдау бағасы қымбаттап, өсіп келеді. Сол себепті экономикалық жағдайымызды ескере отырып, меншік иелерінен сатып алуды жөн санадық. Қазір ведомствоға қарасты ұйымдардың бір бөлігі сонда отыр, - деп түсіндірді әкім.

Сондай-ақ Көлгінов бұл ғимаратқа Жұмыспен қамту орталығы, iKomek 109, Astana Invest, Astana Innovations және т.б. қызмет түрлерінің келетінін айтты.

 

Все новости