Биыл астана күні қалай атап өтіледі
Елорданың 24 жылдығына орай қалада бірқатар әлеуметтік нысандардың, гүлзарлардың, қоғамдық кеңістіктердің, 80-нен аса ауланың салтанатты ашылуы өтеді.
Бұдан бөлек, осы күнге орай елорданың бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдары концерттер, спорттық турнирлер, көрмелер және т.б. ұйымдастырады.
28 маусым күні сағат 19:00-де Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында Ермұрат Үсеновтің 70 жылдығына арналған «Қорқыт» этно-ансамблі «Өмір дастан» концертін қояды.
Осы күні елордада ерлер мен әйелдер арасында бокстан «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады. Ол Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 5 шілдеге дейін өтеді.
30 маусымда «Жастар» театрында суретші Гүлназым Өмірзақтың көрмесін, сондай-ақ дизайнер Алтынбек Ермұханның сән көрсетілімін тамашалауға болады.
1-6 шілде аралығында «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде «Елорда пейзаждары» атты арт-көрме ұйымдастырылады. Біріккен музейлер дирекциясы мерекеге орай бірден бірнеше экспозиция ұйымдастырады: 1-8 шілде аралығында – «Ел тірегі – елорда» көрмесі, 1-5 шілде аралығында – «Киелі менің астанам» фотокөрмесі. 5 шілде күні мұнда «Әлем картасындағы жаңа елорда» атты іс-шара өтеді.
1 шілде күні сағат 20:00-де Есіл өзені жағалауындағы амфитеатрда Батырхан Шүкеновтің шығармашылығына арналған «Твои шаги» атты концерт өтеді. 3 шілде күні сағат 20:30-да ЭКСПО алаңында Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Сол күні сағат 18:00-де елордалық филармония мерекелік концертке шақырады. Сол сияқты «Барыс Арена» мұз сарайында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді.
4 шілде күні сағат 18:00-де Амфитеатр сахнасында «Астана кеші көңілді» мерекелік концертімен отандық эстрада әртістері мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.
4-6 шілде аралығында Орталық саябақта «Mereke Street» қалалық мәдениет фестивалі өтеді.
5 шілде күні сағат 19:00-де филармонияның концерт залында «Әзіл әлемі» әзіл кеші ұйымдастырылады. 5 шілде күні сағат 19:00-де «Астана Опера» опера және балет театры күміс ғасырдың «Шопениана» және «Шехрезада» балеттерін ұсынады.
5 және 6 шілде күндері «Колизей» спорт кеңістігінде «Отан Ана» монументінің жанында стритболдан «Nur Sultan Cup» турнирі ұйымдастырылады. 5-9 шілде аралығында «Астана Балет» театры «Орфей және Эвридика» балетінің премьерасына шақырады.
Астана күні, яғни 6 шілдеде сағат 11:00-де Триатлон паркте «Elorda Tolqyny» спорттық жарысы басталады. Осы уақытта «Қазанат» ипподромында шабандоздар арасында бәйгеден «Астана кубогы» жарысы өтеді. Сол күні кешке, сағат 21:00-де Амфитеатр сахнасында Ұлықпан Жолдасов «Ақ қанат – ақ құсым» бағдарламасымен өнер көрсетеді. Сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін «Астана Арена» стадионының тұрағында «Халықпен бірге» дәстүрлі Open air өтеді. Сол күні кешке «Қазақстан» ОКЗ «Дос-Мұқасан» ансамблінің шығармашылығына арналған «Далам менің» концерті ұйымдастырылады.
8 шілде күні сағат 12:00-де Амфитеатрда «Мен сені сүйемін, астанам» атты концерттік қойылым өтеді. Сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін «Барыс Арена» маңында 12 сағаттық «You Fest» Open air өтеді. Сағат 17:00-ден 22:00-ге дейін мемлекеттік академиялық филармонияда республикалық ақындар айтысы өтеді.
![](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астанада дәмхана өртенді](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Елордада жаңа кітапхана ашылды](/img/articles/a025dd6342dbbf6e3b3043e0d53dae70.jpeg)
![Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады](/img/articles/2c6412729b387d59a5add8c8de960e6d.jpg)
![Елордада ұлттық костюмдер дефилесі өтті](/img/articles/148eeb79ee4ca96186b45886afc4aa1c.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/d1ebfdd234b60c94b00db1e335b3c095.jpeg)
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/img/articles/8527c108fb201c96bc1c3bf6e19ac1e7.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)