00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді

25.02.2023 | 09:44
Айман Нығмет
79

Жарыс ережесіне сәйкес, сәуір-мамыр айларында ауылдық, аудандық, облыстық (қалалық) деңгейлерде, сондай-ақ әскери күш құрылымдары арасында іріктеу турнирі өтті. Оған бүкіл ел бойынша бес мыңға жуық спортшы қатысты. Финалға 36 балуан жолдама алды. Олардың арасында Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбаев сынды палуандар бар.

Қазақ күресі ережелеріне енгізілген өзгерістерге байланысты биыл турнир «бүк» ұпайсыз өтеді.

«Қазақстан Барысы» жүлде қоры дәстүрлі түрде төмендегідей бөлінеді:
Жеңімпаз 25 000 000 теңге, сондай-ақ алтын белбеу мен ауыспалы алтын «Тайтұяқ» алады;
екінші орын иегері – 5 500 000 теңге;
үшінші орын иегері – 1 800 000 теңге, сәйкесінше жүлдегерлер күміс және қола белбеулермен марапатталады.

Жанкүйер қауым турнирді Qazaqstan, Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Қатысушыларды салмағын өлшеу ресми рәсімі 1 шілде күні сағат 19.00-де «Хан Шатыр» СОО-да жоспарланып отыр.

 

Все новости