00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстың үшінші кезеңі басталды

25.02.2023 | 09:29
Елорда ақпарат
81

22 маусымда 3-тур аясында ашық стацияларды (кварталішілік аумақ, көшелер, саябақтар, гүлзарлар, елді мекендер және т.б.) өңдеу басталды. Масалар экожүйенің бір бөлігі болғандықтан, оларды толығымен жоюға болмайды бірақ бұл шаралар олардың санын 90%-ға дейін жоюға және азайтуға мүмкіндік береді. 

Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Жұмыстар түнгі уақытта – сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін жүргізіледі және әр тур айына 20 күнге созылады. Барлығы өңдеу 6 тур бойынша өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауларға, гүлзарларға және т.б. ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл жұмысқа 150 дезинфектор, биолог-энтомологтар, 120 бірлік моторлы-ранцты бүріккіш, термогенераторлар, дезинфекциялық машиналар, дезинфекциялық қондырғысы бар мотошасси жұмылдырылды.

Дезинсекциялық іс-шаралар кезінде сақтық шараларын сақтау маңызды: 

- Өңделетін орындарға бармау; 

- Өңдеу кезінде терезелерді жабу.

Дезинсекциялық жұмыстар үшін құрамында хлорпирифос және малатион әсер етуші заты бар, адамдар мен жануарлар үшін қауіптілігі аз инсектицидтер қолданылады. Бұл препараттар Қазақстан  аумағында қолдануға рұқсат берілген тізілімге енгізілген.

 

Все новости