00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалық ҚХА-ның кезекті сессиясы өтті

25.02.2023 | 09:00
Елорда ақпарат
128

Бірінші жартыжылдықты қорытындылай келе, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің оң динамикасын атап өтті.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Индира Рыстина ассамблея қызметінің негізгі бағыттарына, оның алдына қойылған міндеттердің орындалуы жайлы мәлімдеді.

 «Тұран-Астана» университеті кафедрасының меңгерушісі, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Владимир Шнайдер мемлекеттік тілді білу Қазақстанның әрбір азаматының парызы екенін атап өтіп, қазақ тілін үйренудің маңыздылығына тоқталды. Қалалық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Алтынай Тәңірбергенова Аналар кеңесінің жұмысына егжей-тегжейлі тоқталып өтсе, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА медиа-орталығының жетекшісі Равиль Валеев ашық ақпараттық кеңістікті құрудың негізгі қағидаларын қозғады.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға, жастарға патриоттық тәрбие беруге, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту ісінде мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара іс-қимылына қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

Сессия барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының 2022-2023 жылдарға арналған қоғамдық орынбасарларын сайлауы өтті. Сессия соңында елордалық Ассамблея белсенділері этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі және елорданың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, елордалық этномәдени бірлестіктердің, ғылыми-сараптамалық топтың, Қоғамдық келісім кеңесінің, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің, жастар қанаттарының, студент жастардың өкілдері қатысты.

Все новости