Ерлік жасаған елордалық полицей орденмен марапатталды (ВИДЕО)
![](/img/articles/uploads/62a2d0c51ece4516269799_4a390a7586.jpg)
Жасаған ерлігің үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталдың. Сол орденіңді министрдің тапсырмасымен өзіңнің кеудеңе тағуға келіп отырмын, Архат батыр, – деді вице-министр.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының аға инспекторы өткен жылдың желтоқсан айында асқан ерлік көрсетіп, жол қауіпсіздігін сақтап қалған болатын. Ол елорданың Қошқарбаев көшесінде ережені өрескел бұзып, апатты жағдай тудырып келе жатқан жүк көлігін байқайды. Ер адам тәртіп сақшысының талаптарына бағынбаған. Қайғылы жағдайдың алдын алмақ болған Архат сол сәтте ауыр жарақат алады.
Архат жүргізушіні тоқтату үшін кабинаға кірген кезде доңғалақ кілтімен басынан ұрып, есінен тандырып тастаған, жүк көлігін ары қарай жүргізіп, шайқалтып итеріп жіберген. Содан жерге құлаған. Мұны көрген жүргізушілер Архатты басып кетпес үшін тоқтаған, – деді әкесі Қабдуали Рақышев оқиғаны баяндап.
Полиция капитанына екі рет ота жасалған. Комада болған жігіт бүгінде есін жиған. Бірақ ол ары қарай да емін жалғастыратын болады.
Мектепті «алтын белгіге» бітірді. Одан кейін Еуразия ұлттық университетіне түсті. Сол университетті де жақсы тәмамдады. Одан кейін академиясын оқыды. Өзінің арманы болатын. Жұмысқа орналасты. Енді сол арманына жетті деп отыр едік… Полиция жұмысы – өте ауыр жұмыс. Елдің амандығын ойлайтын жұмыс қой. Барлығы балаңыз ерлік жасады деп жазып жатыр. Баламның ерлік жасағанына қуанамын. Ел азаматы болғанына қуанамын, – деді Архаттың анасы Алма Рақышева.
Әріптестері де Архатты әрдайым қолдап, көмектерін аямауда. Оның алдағы емін де ведомство толық қамтитын болады.
Ауруханада жанында болдым. Не жағдай болғанын көрдім. Департаменттің ауруханасына көп рақмет. Қолдарынан келгенін жасады. 24 сағат бойы мен байланыстамын. Қандай көмек болса да қол ұшын беруге дайынбыз, – деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының взвод командирі Нұрбек Кагибаев.
Мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)