00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада кәсіпорын 5 мыңнан астам жұмыс орнын құрды

25.02.2023 | 08:33
Елорда ақпарат
50

Бүгінге дейін «Астана – жаңа қала» АЭА индустриялық паркі аумағында 50-ден астам жоба жүзеге асырылды. Экономикалық аймақта сәтті жүзеге асырылған жобаның бірі – «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС зауыты. Қазіргі таңда кәсіпорын 70-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында зауыт 50,3 млрд теңгенің өнімін өндірген.

Кәсіпорын шығаратын өнімдердің  тізіміне түнде көру қабілетін арттыратын аспаптар, оптикалық жабдықтар, қару-жарақ жүйелері, антидрон, байланыс құралдары, барлау жүргізуге арналған лазерлік және жылуға ден қоюшы аспаптар кіреді.

Сондай-ақ индустриялық паркте жарықдиодты шамдарды өндіру және құрастырумен айналысатын «LED Solution» зауыты табысты жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорын кәсіби жарықтандыру саласында тұтынушыға кешенді әрі тиімді шешімдерді ұсынып, 10 жылдық кепілдемесі бар жоғары сапалы құрылғылар шығарады.

«Астана – жаңа қала» АЭА-ның іске қосылуы – елорданың дамуына елеулі үлес қосты. Экономикалық аймақ құрылғалы бері 20 жылға жуық уақыт өтті. Осы мерзім аралығында «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару зауыты, «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты, «Astana Ютария ltd» тігін фабрикасы, «GLB» ЖШС үй құрылысы комбинаты, «Modex Astana» ЖШС көлемді-блокты үй құрылысы зауыты сынды ауқымды жобалар сәтті іске асты.

Все новости