00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай Жандарбек Мәлібековпен кездесу өтті

25.02.2023 | 07:58
Елорда ақпарат
65

Жиынды Есіл ауданының әкімі Асылбек Есімханұлы жүргізді. Кездесуге мектептер директорлары, балабақша меңгерушілері, ауданның белсенді тұрғындары қатысты. Кездесу барысында Жандарбек Мәлібекұлы рәміз туралы ойын ортаға салды. Қонақтар елтаңба авторына сұрақтар қойды. Автор оның жасалу барысы жайлы айтып берді.

Елтаңбада қазақ халқының өз мәдениеті, дәстүрі бар екенін айтқым келді. Өйткені бертінге дейін қазақ көшпелі халық, мәдениеті жоқ дегенді жиі еститінбіз. Сондықтан бұл жұмыс намыстан туған, - деді ол.

Кездесу соңында Есіл ауданының әкімі Асылбек Есімханұлы көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапаттарын салтанатты түрде табыстады.

Все новости