00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елорда әкімдігі 75 жер учаскесін сатып алады

25.02.2023 | 07:20
Елорда ақпарат
48

Біз қалалық мәслихаттың қарауына сегіз нысан бойынша 75 жер учаскесін сатып алу жобасын енгіземіз. Жер телімдерінің жалпы көлемі үш гектарды құрайды, жобаның құны – 713 млн теңге, – деді А.Саипов. 

Басқарма басшысы әкімдік сатып алатын нысандарды атап өтті: 

Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшесінің қиылысындағы тұрғын үй кешені; 

Шарль де Голль және Тоқпанов көшелерінің қиылысындағы құрылыс объектісі; 

Ш. Айтматов көшесіндегі құрылыс объектісі; 

Республика даңғылы мен Алтынемел, Құтпанов, Гете көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй кешені; 

Қосшығұлұлы көшесіндегі сегіз тұрғын үйді абаттандыру; 

Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында салынып жатқан әкімшілік ғимарат; 

Есіл өзенінің бойында салынып жатқан Тұран даңғылы мен №227 көшенің қиылысындағы әкімшілік ғимарат. 

А.Саиповтың айтуынша, аталған жер учаскелерінің иелері әкімдік ұсынған өтемақы сомаларымен танысты.

Айдана Сулейменова,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті

Все новости