00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Аntikor ortalyǵy департаментінде ашық есік күні өтті

25.02.2023 | 05:13
Елорда ақпарат
93

Antikor оrtalyǵy – азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған орталық.

Орталыққа бірінші болып қоғам өкілдері, ЖОО студенттері және елорда тұрғындары келді. Іс-шарада Аntikor ortalygy қызметімен, сондай-ақ азаматтарды қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау шарттарымен танысты.

Жоғары оқу орындарының студенттеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары жеткізілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарына кіру тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар, қонақтар әзірленіп жатқан және жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы хабарламалары үшін көтермелеу бөлігінде қолданыстағы заңнама нормаларымен хабардар болды, сондай-ақ азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығының қызметі туралы хабардар етілді.

Antikor ortalyǵy сервис орталығына әркім жүгіне алады. Азаматтарды қабылдауды жұмыс күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы, А.Тоқпанов көшесі, 45 мекенжайы бойынша сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырады.

Все новости