00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Полицейлер елордалықтарға маңызды үндеу жасады

25.02.2023 | 05:00
Елорда ақпарат
66

Елорда аумағында жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетуінің 4 оқиғасы тіркелді, оның біреуі өліммен аяқталды. Ювеналды полиция инспекторлары балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кету фактілерінің алдын алу мақсатында елорда тұрғындарына профилактикалық жұмысты тұрақты түрде  жүргізіп, қауіпсіздік шаралары туралы ескертіп тұрады.

Жазатайым оқиғалардың көп бөлігі ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауына байланысты болады. Бала ересектердің көз алдынан кеткенде, терезе ашық кезде жалғыз қалғанда, құлап кету қаупі өте жоғары.

Полиция департаменті ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес береді:

– егерде балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Сіз өзіңізді қасындамын деп ойлайсыз, бірақ сіздің ойыңыз бөлінген аз ғана уақыт балаңыздың өмірінде өлімге әкелуі мүмкін;

– ешқашан москит торларына сенбеңіз балалар оларға сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді;

– балаңыз терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, бұғаттауыштар) орнатыңыз;

– баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз.

Все новости