00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» экскурсиялық жобасы іске қосылады

25.02.2023 | 04:45
Елорда ақпарат
72

Іс-шара Қазақстанда президенттік институттың құрылған күніне (1990 жылдың 24 сәуірі) орайластырылады.

Оның аясында «Сақ мәдениеті заманауи Қазақстан келбетінде», «Жапон мәдениетіндегі самурайлар бейнесі», «Уақыт сақшылары. Фототехниканың даму тарихы» тематикалық экскурсиялары ұйымдастырылады.

Astana IT University бас фойесінде Елбасы кітапханасының «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылады. Ол көпшілік назарына сәндік-қолданбалы өнер мен бейнелеу өнерінің үлгілерін, қару-жарақтарды, ұлттық киімдер мен т.б. музей жәдігерлерін ұсынады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, Astana IT University ректоры Ахмед-Заки Дархан, университет оқытушылары мен студенттері қатысады.

Аталған іс-шара 18 сәуір, сағат 15.00-де Astana IT University ғимаратының «ЭКСПО» бизнес орталығы, С1 блогында өтеді. 

Все новости