00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жеке көліктердің Bus Lane жолағын пайдалануы тиімді ме

25.02.2023 | 04:38
Елорда ақпарат
108

Осы бастамаға орай CTS компаниясының жол қозғалысын ұйымдастыру бағыты жетекшісі Думан Ысқақов өз пікірін білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласында қарбалас сағаттары қай уақыт болып саналады?

Көлік жүктемесі ең көп болатын шақ сағат 07:30-дан басталып, 10:00-ға дейін созылуы мүмкін. Сондай-ақ аралық уақыт бар. Түскі уақытта кейде 13:00-ден 14:00-ге дейін де жүктеме көп. Негізгі қарбалас уақыты 18:00-ге жақын басталып, 21:00-ге дейін созылуы мүмкін. Мысалы, Бөгенбай батыр даңғылы мен Республика даңғылын алсақ, онда бұл көшелерде қарбалас уақыты тұрақты, яғни демалыс күндері де болады. Бұл ол маңда сауда орталықтары мен базарлар сияқты нысандардың орналасуына байланысты. Жүктеме тек түнде төмендеуі мүмкін.

Жаңа көліктерге Bus Lane-мен қарбалас уақыттан тыс кезде жүруге рұқсат беру қандай жағдайға әкелуі мүмкін?

Жүргізуші жетіспейді, автобус жетіспейді және осы жағдайда біз автобус жолағында жеке автокөліктерге белгілі бір уақыт аралығында жүруге рұқсат берсек, автобустардың кідірісі артады. Мұндай жағдайларда бізге қазірдің өзінде жетіспейтін автобустар мен жүргізушілер қажеттілігі одан сайын артатын болады. Яғни бұл – мемлекеттік қордан қосымша қаражат. Трафикке келер болсақ, мұнда қарбалас сағаты бойынша мәселе тағы да түсініксіз. Автобус жолағын пайдалану уақытының аяқталуы немесе басталуы сияқты күрделі мәселелер бар, бұл кезде бір мезетте жеңіл көліктердің өз жолағына қайта өтуінен маневрлер, қақтығыстар, ағындардың қиылысы басталады. Бұл апат жағдайларын туғызады. Тіпті кейбірі көліктерін жол жиегіне қалдырып кетеді. Бұл автобустарға ғана емес, жедел жәрдемге, өрт сөндірушілерге және арнайы қызметтерге де кедергі келтіреді. Бұл қала үшін жағымсыз салдарға әкеледі.

Бұл бастама қаладағы кептелістерді азайтуға көмектесе ме?

Біз автобус жолағын мүлдем алып тастай аламыз, бұл кезде сан жағынан көліктер көбеюі мүмкін. Егер белгілі бір жол қиылысы аралығында өтетін адамдар санымен есептесек, онда, әрине, сан жағынан адамдар басым болады. Өйткені, өзіміз білетіндей, автобуста қарапайым көлікке қарағанда адам 10 есе көп болады.

Басқа қалаларда көліктерге Bus Lane жолағында жүруге рұқсат етілген бе?

Алысқа бармай-ақ, Мәскеуді алсақ, онда 2016 жылдан бастап бұл бастама енгізілген. Соңғы екі жылда олар бұл бастаманы толығымен жоюға көшті, өйткені көшелердегі жүктеме артып кеткен, тасымалдау қабілеті төмендеген, нәтижесінде олар мұның қате қадам болғанын түсінді. Олар практикалық тәжірибеде осы шешімнің барлық жағымсыз салдарын көрді. Менің ойымша, біз өзіміздің емес, басқалардың қателіктерінен сабақ алғанымыз дұрыс.

Все новости