Елорда әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
![](/img/articles/uploads/62453fd30c7a6103867640_e34b3587c8.jpg)
Іс-шараға прокуратура, Полиция департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Е. Байкеннің айтуынша, әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімшелері және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады, оны іске асыру осы жылдың сәуір айына жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жою мақсатында әкімдік мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға ықпал ететін жобалық бағыттарды анықтады.
Өз кезегінде, елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары И.Базилов 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелерін ұсынды.
Мемлекеттік органдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын арттыру және формализмді болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Осылайша, уағдаластыққа сәйкес әкімдік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық ішкі талдауларын сарапшылар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ Қоғамдық кеңес өкілдері қатарынан құрылған арнайы жұмыс тобы кезінде қаралатын проблемалық мәселелерді талқылаумен өткізу жоспарлануда.
Квазимемлекеттік сектор жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру, жою және бағалау қызметі болып табылатын комплаенс қызметтерінің жұмысына ерекше назар аударылды.
Аталған жұмысты жетілдіру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерімен оқыту семинарлары жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс қорытындысы бойынша елордалық әкімдікке ұйымдастырушылық-басқарушылық және нормативтік сипаттағы бірқатар ұсынымдар енгізді.
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)