00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада ЖРВИ-мен ауыру көрсеткіші 3,6 есе өсті

25.02.2023 | 02:51
Елорда ақпарат
99

2021-2022 жылдардағы эпидемиялық маусымда (2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 17 наурызға дейін) Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 78 414 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 6 352,8 құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 3,6 есе жоғары (20 101 жағдай, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 1 739,9).

Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері тіркелген ЖРВИ жалпы санынан (2021 жылғы 1 қазаннан 2022 жылғы 17 наурызға дейін) тұмаудың 103 жағдайы тіркелді, қарқынды көрсеткіш 8,3 құрады, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 4,9 көрсеткішпен тұмаудың 61 жағдайы (H3N2-102 ж., В – 1 ж.). Тұмаудың оң нәтижелері бар адамдарда COVID-19 анықталған жоқ. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тұмаумен сырқаттану 1,3 есеге азайды (2020 жылы 139 тұмау жағдайы, қарқынды көрсеткіш – 12,03 және 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 63 жағдай, қарқынды көрсеткіш – 5,4).

Осы орайда, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ЖРВИ және тұмаудан қорғану ережелері туралы еске салады:

- Түшкіру және жөтелу кезінде мұрныңызды орамалмен жабыңыз.

- Пайдаланылған майлықтарды дереу тастаңыз.

- Егер майлықтар болмаса, шынтағыңызды бетіңізге қарай көтеріп түшкіріңіз және жөтеліңіз.

- Қолыңызды кем дегенде 20 секунд сабынмен үнемі жуыңыз немесе алкоголь бар тазартқыш затпен қолыңызды сүртіңіз.

- Жуылмаған қолыңызбен көзіңізді, мұрныңызды, аузыңызды ұстамаңыз.

- Эпидемия кезінде қол алысудан және бет сүюден аулақ болыңыз.

- Адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз немесе ол жерде болу уақытын азайтыңыз.

- Иммундық жүйені нығайту: витаминдер қабылдау, көкөністер мен жемістерді жеу, шөп шайлары мен инфузияларын ішу.

Бөлмені мүмкіндігінше жиі желдетіңіз, ылғалды тазалау жүргізіңіз.

Все новости